КӨРНЕКІ АҚПАРАТ ПЕН ЖАРНАМА МӘТІНДЕРІ ЗЕРДЕЛЕНУДЕ

0

2025 жылдың 1–30 сәуірі аралығында Қордай ауданы бойынша «Көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнамаға сауаттылық!» атты облыстық айлық өткізіліп жатыр. Аталған айлық аясында аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен көрнекі ақпараттар мен жарнама мәтіндерінің Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңына сәйкес ресімделу деңгейін анықтау мақсатында жоспарлы іс-шаралар жүргізілуде.

Атап айтқанда, 2025 жылдың 7–11 сәуірі аралығында бөлім мамандары Қордай ауылының Жібек жолы, Төле би, Жамбыл көшелерінде орналасқан халыққа қызмет көрсету нысандарына (дүкендер, шаштараздар, кафелер, дәмханалар, дүңгіршектер және т.б.) зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу барысында нысандардың маңдайшаларында жазылған жазулар, жарнамалар, хабарландырулар, баға көрсеткіштері, бақылау кассалық түбіртектері және өзге де көрнекі ақпараттар қамтылып, жалпы саны 237 бірлік нысан тексерілді.

Нәтижесінде, 11 нысанда Қазақстан Республикасының тіл заңнамасына сәйкес келмейтін кемшіліктер анықталды. Аталған кемшіліктер бойынша нысан иелеріне ақпараттық парақшалар үлгі ретінде таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Зерделеу жұмыстары облыстық айлық аясында жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.