КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ КҮЙ

0

Степной ауылында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараға ауыл тұрғындары, ардақты аналар мен қыз-келіншектер қатысты.

Шара барысында Степной ауылдық округінің әкімі М.Қарабаев жиналған қауымды мерекемен құттықтап, нәзік жандыларға ізгі тілегін жеткізді. Ол өз сөзінде әйел-аналардың қоғамдағы, отбасы мен ел өміріндегі орны ерекше екенін атап өтіп, олардың еңбегі мен қамқорлығына алғыс білдірді.

Мерекелік шара барысында аналар мен қыз-келіншектерге құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер айтылды. Сонымен қатар, мәдени бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.