Жер мен жылжымайтын мүлікті есепке алу жүйесінің бірігуіне байланысты 2023 жылы құжаттың жаңа түрі — кадастрлық паспорт пайда болды.
Кадастрлық паспорт — бұл мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының мәліметтерін қамтитын құжат. Ол электронды түрде де, қағаз түрінде де берілуі мүмкін.
Бұл құжатта мекен-жайы, мекен-жайдың тіркеу коды, кадастрлық нөмірі, салынған жылы, үй сериясы, үйдің қабаты, пәтердің қабаты, ауданы: (жалпы, тұрғын, пайдалы), бөлмелер саны және қабырға материалы қамтылады. Кадастрлық паспорт көбінесе жаңа объектілерге рәсімделеді.
Жер учаскесіне кадастрлық паспорт: нысаналы мақсаты өзгерген, учаскенің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген, бұрын берілген актілерді бөлу, біріктіру, ауыстыру кезінде, аукционда учаске сатып алу кезінде, бұрын жалға берілген жер учаскесінің меншігіне ресімделген жағдайда дайындалады.
Пәтерлерге, тұрақ орындарына кадастрлық паспорт жер туралы мәліметтерсіз беріледі. Кондоминиум бойынша мәліметтер құжатта көрсетілмейді.
Кадастрлық паспорт алуға өтінішті Халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе электронды үкімет порталының көмегімен беруге болады.
Білу маңызды!
Қолданыстағы техпаспорттар мен мемлекеттік актілер күшінде қалады, яғни меншік иесі қаламайынша жаңа құжат алу міндеттелмейді.
Жер учаскесіне құқықтарды рәсімдеу жолдары ашық түрде өткізіліп, қызмет көрсету жүйесі толық автоматтандырылады.
Артық құжаттар сұратылмайды.
«Азаматарға арналған үкімет мемлекеттік» корпорациясының Жамбыл облысы бойынша PR-менеджері