КЕЛ, ДОС БОЛАЙЫҚ!

0

Қордай ауданындағы «Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы» КММ-де 2015-2016 жылы туылған балалар арасында футзалдан аудандық жарыс өтті.

Бұл шара «Заң мен тәртіп» жобасы және «Кел, дос болайық!» акциясы аясында ұйымдастырылып, «Шебер» кубогы сарапқа салынды. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі аудандық спорт бөлімінің басшысы Ғалым Әлімжанов пен «Шебер» спорт секциялар желісінің жетекшісі Ербол Тайбековтың қатысуымен өткізіліп, олар спортшыларға сәттілік тілеп, ынталандыру мақсатында өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Жарыста Қордай, Жаңатұрмыс, Сортөбе, Степное, Гвардейский, Ауқатты, Қаракемер ауылдарынан қатысқан құрама командалар бір-бірімен қызу өткізілген ойын барысында бақтарын сынасты.

Әр команда қызу таласып, керемет ойын көрсетті. Командалардың әрқайсысы өздерінің ойын шеберліктерімен ерекшеленді.

Жарыстың барысы қызықты ойындар мен керемет сәттерге толы болды.

Жарыс қорытындысында, жеңімпаз команда «Шебер» кубогымен марапатталды.

Жарыс балалардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оларға дене тәрбиесінің маңыздылығын түсіндірді.

Қордай ауданындағы футзалдан жарыс жас-тар арасындағы ынтымақтастық пен достықты, бәсекелестікті көрсете отырып, салауатты өмірдің басты құндылықтарын насихаттады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде:

«Бұқаралық спортты дамыту-ұлт саулығының кепілі. Жастардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау-мемлекетіміздің маңызды міндеттерінің бірі», — деп атап өткен болатын.

Жас спортшылардың алдағы жарыстарда тағы да жемісті жетістіктерімен қуантатынына сенеміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.