Жұмыс жоспарына сәйкес тамыз айында ауыл ішіндегі жолдар, аудандық және республикалық маңызы бар жолдар бойынша, «Ауылдық округтердегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің және ақпараттық жүйелерінің қызметі» мәселелері бойынша Сарыбұлақ, Сұлутөр ауылдық округтарының жұмыстарына қоғамдық кеңес мүшелері зерделеу жұмыстарын жүргізген болатын. Аталмыш жұмыстардың қорытындысы жақында кеңестің отырысында қаралды.
Зерделеу барысында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпысы 42 шақырым болатын ауыл ішіндегі жолдар жөндеуден өтіп жатқаны анық болды. Оның ішінде Жамбыл ауылында 14 көше, Жаңатұрмыста 5 көше, Қақпатаста 10 көше, Қордайда 17 көше, Қарасуда 2 көше, Бетқайнарда 1 көше, Әлжан анада 3 көше, барлығы 58 көше. Сонымен қатар, аудандық маңызы бар жолдарға орташа жөндеу де жоспарланған. Олар Ноғайбай ауылының кіреберіс 11 шақырымдық және Қаракемер-Еңбек-Қарасай батыр автожолының 9 шақырымы. Аудандық маңызы бар жолдарға тапсырыс берушілер: аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауыл ішіндегі жолдарға тапсырыс берушілер ауыл әкімдері. Зерделеу барысында қоғамдық кеңес мүшелері ауыл ішіндегі жолдар және аудандық маңызы бар жолдар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тапсырыс беруші тарапынан қатаң бақылауға алуды қажет екенін қатаң ескертіп, жолды пайдалануға қабылдау бойынша жол зертханасының қорытындысы міндетті түрде керек екенін ескертті.
Сонымен қатар, Қордай ауданында өтетін республикалық маңызы бар жолдар зерделенді. Сол арқылы бірқатар шешімдер қабылданып, ұсыныстар да берілді. Мәселен, Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалының директоры А.Туғановаға, №34 жол пайдалану бөлімшесінің басшысы Е.Рақымғалиға республикалық маңызы бар жолдар бойынша Қордай ауылындағы Жібек жолы көшесінің жол белгілерін заманауи термопластикпен таңбалау, жол белгілерінің оңып кеткеніне байланысты (панно,көрсеткіштер) ауыстыру, Қордай, Алға, Степной, Жамбыл, Сарыбұлақ, Масанчи, Қарасу, Өтеген, Сортөбе ауылдарындағы мектепке өтетін барлық жолдарға жол белгілерін орнату, (жолақтарды жаңалау, сызу, бояу) жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін атқару ұсынылды. Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы А.Қарымсақовқа республикалық маңызы бар жолдар бойынша және Қордай ауылындағы Жібек жолы көшелеріндегі жол белгілері, таңбалар, бағыттаушы қондырғылар, жарықтандыру жүйелерінің тәуліктің кез келген уақытында жақсы көрініп тұруын қадағалау ұсынылып, аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Д.Ебелекбаевқа Ноғайбай, Каракемер, Қарасай ауылдарындағы жол жөндеу жұмыстарының сапасын қатаң бақылауға алу айтылды. Сондай-ақ, Қордай, Жамбыл, Қақпатас, Бетқайнар, Қасық, Қарасу ауылдық округ әкімдеріне тапсырыс беруші ретінде атқарылып жатқан жол жұмыстарының сапасын, техникалық бақылаушымен бірге қатаң бақылауға алу ұсынылды.
Екінші сұрақ бойынша Сарыбұлақ және Сұлутөр ауылдық округтерінде бірқатар кемшіліктер анықталды. Мекемеде мемлекеттік қызметтерді көрсету жауапкершілігі бас маманға жүктелген.
Аталған жауапты тұлға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы біліктілігін арттыру курстарынан өтпеген. Аталған кемшіліктерді Заң аясында саралай келе Қоғамдық кеңестің шешімі қабылданды. Онда жоғарыда аталған кемшіліктерді жою үшін Сарыбұлақ, Сұлутөр ауылдық округі әкімдеріне 1 ай уақыт берілді, мамандардың жауапкершілігін қарау тапсырылды.