«АСАР» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҮЙЛІ БОЛДЫ

0

Ауданымызда халқымыздың ертеден келе жатқан «асар» дәстүрінің шапағатына бөленген шаңырақтардың саны көбеюде. Көпшіліктің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан игі бастаманың нәтижесінде тағы бір отбасы баспаналы болды.

Бұл жолы көптен күткен армандарына қол жеткізген –  алғалық Шакирбековтер әулеті. Отағасы Мадияр Шакирбеков пен Данагүл Молдағалиева төрт баланың ата-анасы. Жұбайы Данагүл онкологиялық ауруға шалдыққан, екінші топ мүгедектігі бар. Алға ауылында көмекке мұқтаж отбасы барын естіген «Асар Уме» қайырымдылық қоры қаржы жинап, нәтижесінде 5,5 млн теңгеге  үй сатып алып берді.

Баспана кілтін салтанатты түрде табыстауға ауылдық округ әкімі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы және ауылдың сыйлы ақсақалдары жиналып, символикалық қызыл лентаны қиып, үйлі болған отбасына ізгі тілектерін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.