Қашанда белсенді Кенен ауылының тұрғындары да бұл күні таңертеңнен референдум учаскесіне бет алды. №259 референдум учаскесі орналасқан Мәдениет үйіне келіп, алғашқы болып дауыс берген Нұрғали Әлімбетов өз таңдауын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтын, үлкен жауапкершілігі бар азамат екенін көрсетті.
Өз кезегінде алғашқылардың бірі болып келіп дауыс берген белсенді азаматқа комиссия мүшелері тарапынан арнайы сыйлық ұсынылды.
Жалпы, Кенен ауылындағы референдум учаскесіне келушілердің саны сағат сайын артуда. Ауыл тұрғындарының ұстанымы айқын – ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасау. Бұл олардың азаматтық белсенділігі мен жауапкершілігінің айқын көрінісі.
Кенен, №259: әр тұрғынның таңдауы – елге үлес
Prev Post