Кенен ауылы футболшылары жеңіс тұғырында

0

Қордай ауылындағы орталық стадионда 2013 жылы туылған балалар арасында футболдан «Halyk Open Cup» облыстық турнирі өз мәресіне жетті. Аталған турнирге «Шебер» спорт секциялар желісінің 9 командасы қатысып өз шеберліктерін көрсетті. Жалпы Жамбыл облысының ауылдарынан келген 16 команда жеңіс үшін бақ сынады. Оның ішінде 1 «Бест» қыздар командасы да бар. Турнир 2 күнге созылып, жарыс барысында балалалар нағыз тартысты ойын көрсетті.

Жамбыл облыстық HALYK OPEN CUP турнирінің жеңімпазы Кенен ауылы «KENEN» командасы атанды. Екінші орын мен күміс жүлдені Талас ауданынан «Шона» командасы, үшінші орынды Қордай ауылының «S.Murtaza» командасы иеленді.

Турнирдің «Үздік шабуылшысы» Сарсенбай Нұртаза атанса, «Үздік қорғаушысы» — Төлен Санжар, «Үздік қақпашы» — Темірбек Ержан, «Үздік ойыншысы» — Атабек Аңсар атанды. «Үздік жаттықтырушы» болып КЕNEN командасының жаттықтырушысы Жұмабек Сұлтан табылды.

Барлық жүлдегерлер «Халық» қайырымдылық қорының кубоктары мен эксклюзивті медальдарымен марапатталды.

Турнир қонағы болып келген облыстық мәслихат депутаты, белгілі кәсіпкер Талғат Сәрсембаев демеушілік көрсетіп, балаларға жаттығуға арналған формалар тарту етті.

Турнирді Ауыл Футбол жобасы аясында «Арман ауыл» жеке қоры ұйымдастырса, «Халық» қайырымдылық қоры бас демеушілік көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.