30 тамыз – Қазақстан үшін ең қастерлі мерекелердің бірі саналады. Ата-Заңымыз яғни Конституция күні жалпыхалықтық мереке, елімізде айрықша аталып өтетін күн. Конституцияның ең бірінші бабынан мынадай сөздерді оқи аламыз: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».
Ендеше, осы бапта айтылған ең қымбат қазына — адам және адамның өмірінің, денсаулығының қорғанышы болып жүрген медицина саласы қызметкерлері жайында сөз етсек. Ата-Заңымыздың 29-бабында былай делінген: «(1.тармақша) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. (2 тармашқа) Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы. Сол тегін көмекті кепілді беріп, қолдан келген көмегін аямай жүрген медицниалық мекемелердің бірі – Кенен ауылындағы дәрігерлік амбулатория. Ұзақ жылдан бері ауыл шетіндегі ескі ғимаратты паналап келген кенендік медиктер осыдан екі жыл бұрын жаңа ғимаратқа көшкен болатын. Бұл да елімізде Заң үстемдігінің жүруінің арқасы. Заң сақталмаған жерде, елде ешқандай әлеуметік жағдай жасалмайды, жаңа мектептер мен ауруханалар салынбайды. Ол да Заңдылық. Жаңа медициналық мекеменің ауылдың қақ ортасында ашылуы жалпы тұрғындар үшін тамаша әрі жағымды жаңалық болғаны рас. Үш мыңға жуық халқы бар Кенен ауылында медициналық көмекке зәру жандар жетерлік. Соларға сапалы көмек көрсетуде қалтқысыз қызмет атқарып жүрген Кенен ауылдық дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері Толқын Тойшыбекова бастаған мейірбикелер Қайраткүл Үкібаева, Айша Қабылбаева, Кенжекүл Умирова, зертханашы Риза Молдажановаларды ерекше атап өтуге болады. Кейіннен келген жас медиктер қосыны да халық көңілінен шығуда. Ұзақ жылдан бері ауыл халқы денсаулығы күзетінде жүрген бұл мамандар әр отбасындағы әр адамның денсаулық жағдайын жақсы біледі. Күндіз-түн болсын, қолдан келген көмегін көрсетуге даяр. Өзінің мықты мамандарымен мақтаулы болған Кенен ауылдық дәрігерлік амбулаториясының қызметкерлеріне өте күрделі, қиындығы мол жұмыстарында табыс тілейміз. Халық денсаулығы күзетіндегі қызметтеріңіз жана берсін.
Айбек НӘКЕН
КЕПІЛДІ МЕДИЦИНАНЫҢ МАЙТАЛМАНДАРЫ
Prev Post
Next Post