«КИЕ ЖЫРДЫҢ ШАПАҒАТЫ!»

0

Биылғы жаңа оқу жылында Соғанды ауылындағы №33 негізгі мектепке «Алатаудың мұзбалағы» атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың есімі берілген болатын. Осы мектептің бұрынғы түлектері «Жомарт түлек» бағдарламасы аясында мектептің ауласында ақынның ескерткішін орнатып берді.
Атап айтсақ, ескерткіш білім ошағының алғашқы түлектері — елімізге танымал айтыскер ақын Күмісай Сәрсенбаева және «Қалдыбайтегі» шаруа қожалығының басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Гаухарбек Мәмбеталиевтің демеушілігімен тұрғызылды. Жуырда мектепте «Кие жырдың шапағаты!» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылып, сол ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті. Шараға танымал түлектермен бірге аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғалым Әлімжанов, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.
Жылы тілектер, әдемі ән шашудан соң, аудандық мәдениет үйіне қарасты «Зерде» бейнемобилі тарапынан (жетекшісі Зураш Бурумбаева) танымдық фильм көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.