«КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫНЫҢ АУҚЫМЫ КЕҢ

0

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының алғашқы легін сәтті өткізген қордайлықтар  іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалаукөгалдандыру, ағаштарды күтіпбаптау жұмыстарын жүргізіп шыққан болатын.

 

Енді 20 сәуірге дейінгі апталық «Киелі мекен» деп аталады. Бұл апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналады. Бұл бойынша аудан көлемінде ауқымды жұмыстар қолға алынып жатыр. Мәселен, Кенен ауылындағы Кенен Әзірбаев мемориалдық музейінен бастау алған тазалық жұмыстары музей маңындағы ауқымды аумақты абаттандырумен жалғасты. Онда қызметкерлер аталмыш акция барысында белсенділік танытып, тазалық жұмысына жұмыла кірісті. Кенендіктер бастаған жұмыс Масаншыда да жалғасын тапты. Ауылдық музей қызметкерлері абаттандыруға белсене қатысып, тазалыққа таңмен кірісті.

Акция аясында Өтеген ауылындағы «Өтеген батыр» кесенесінің  аумағы абаттандырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Кесененің маңындағы ағаштар  қырқылып, кіреберіс алаңдарының маңайындағы жасыл желектер ретке келтірілді.  Сонымен бірге ағаштардың түбі әктеліп, шөп орылды.

Осылайша «Киелі мекен» апталығы ауданымызда үлкен ауқыммен қолға алынуда. Бұл игі істер жалпы аудан бойынша жалғасын табатынын айтқымыз келеді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.