АЛМАТЫДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

0

Алматыда «Жалын» балалар журналы ұйымдастырған «Құс жолы» республикалық балалар шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

 

Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратында өткен өнер байқауына Қордай ауданының дарынды өрендері де қатысып, жүлдемен оралды. «Актерлік шеберлік» номинациясы бойынша Гран-при иегерлері Шерхан Мұртаза атындағы негізгі мектеп оқушылары болды.

Он алты бала нағыз шеберлік танытып, қазылар алқасы мен көрермендер алдында жақсы өнер көрсете білді. Қордайлық балалар үш қойылымды сахналады.

«Гранпри жеңіп алған кезде мен қатты қуандым және толқып кеттім. Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының «Жалын» үйірмесіне алғашқы қадамымды өткен оқу жылында, яғни бірінші сыныпта оқып жүргенде бастадым. Содан бері көптеген республикалық, халықаралық байқауларға қатыстық. Осындай жетістіктерге жетуіме атаанам мен БЖШО ұстазы Үсен Тұрлыбаев үлес қосты. Болашақта өнерімді шыңдасам деймін, үлкен сахналарда өнер көрсетуді армандаймын», — деп өз әсерімен бөлісті жеңімпаздардың бірі Әлижан Мәлік.

Айта кетейік, жас әртістер үлкен сахнада өнер көрсетіп, үш кубок және медальдармен оралды. Балалардың өздері атап өткендей, кейіпкерлермен суретке түсуге асыққан балалары бар көрермендер де болды.

Балаларға мегаполиске саяхат өте ұнады, олардың ең кішісі 8 жаста, ең үлкені 14 жаста. Алматыға бара жатқан жолда балалар Қордай батыр ескерткішіне барды. Оларға шағын экскурсия жасалып, батыр туралы және ескерткіштің тарихы туралы әңгімеленді.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.