2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша Жамбыл облысы сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен өткізілетін көшпелі семинар-тренингтер өтуде.
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының бекітілген оқыту туралы жоспарына сәйкес, өтіп жатқан тренигтер барысында комиссия мүшелері қашықтықтан тест тапсырып, сертификат алып жатыр. Бүгінгі таңда облыстық аумақтық, қалалық, аудандық сайлау комиссияларының мүшелері түгел тест тапсырып сертификат алған.
1 қарашасынан бастап учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту семинары басталды. Жоспарға сәйкес оқыту Тараз қаласынан басталды, 4-11 қараша аралығында оқыту семинары барлық аудандарды қамтитын болады.
Осындай оқыту семинары 10 қарашада Қордайда болды. Әлжан ана ауылында өткен оқыту процесінде «Сайлау процесін ақпараттандыру және сайлау алды үгіт жұмыстарын ұйымдастыру», «Сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы бекіткен ережеге сәйкес жарақтандыру және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету туралы», «Азаматтарға тиісті сайлау комиссиялары орналасқан үй-жайларда сайлаушылар тізімімен таныстыру жұмыстарындағы ерекшеліктер», «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар дауыс беруге арналған үй-жайларының, дауыс беру пунктерінің қолжетімділігін ҚР ОСК бекіткен нұсқаулыққа сәйкес жарақтандыру және дауыс беру учаскесіне келу мүмкіндігі жоқ осы топтағы азаматтарға дауыс беруді ұйымдастыру», «Сайлаудың өткізілуін байқауды жүзеге асыратын байқаушылармен жұмысты ұйымдастыру туралы», «Сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру туралы» және сайлау күні сайлау учаскесінде ұйымдастырылатын жұмыстар туралы тақырыптарда облыстық сайлау комиссиясы мүшелері лекция оқып, семинар-тренинг өткізді.
Учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің қатысуымен тренингтер, яғни теориялық дәрістермен бірге іскерлік ойындар да ұйымдастырылды.
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ
Prev Post
Next Post