Гвардейск гарнизонында 30212 әскери бөлімінің курсанттары танк қару-жарағынан штаттық снарядпен оқ атуды жүргізді.
Танк әскерлері әскери мектептің жеке құрамы жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Т-72 танк қару-жарағынан бірінші бақылау оқ ату жаттығуын орындады. Олар атысты үш бағытта жүргізді.
Атап айтқанда, жаттығу барысында 125 мм калибрлі зеңбіректен ұзақтығы 1500 шақырымда орналасқан танк нысанасын, 7,62мм ПКТ пулемётімен 600 шақырымда орналасқан танкіге қарсы граната атқыш және 900 шақырым ұзақтықта орналасқан автокөлік қозғалысындағы шегінусіз зеңбірек нысаналарын жойды.
Оқ ату сабағында жеке құрам қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, білімдері мен дағдыларын арттырды.
Әскери бөлім командирі ұлан полковнигі Алмас Доспаев оқ ату дайындығы сабағының соңында қорытынды жасап, үздіктерді мараппаттады.
Жауынгерлік дайыдық жоспары мен сабақтар кестесінің негізінде 2-ші оқу-жаттығу танк ротасының жеке құрамымен атыс дайындығы бойынша сабақтар өткізілді. Онда жеке құрам Т-72 танкінің қару-жарағынан өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Сондай-ақ, взвод және танк командирлері өздерінің экипаждарын басқаруда тәжірибелерін шыңдады, – деді танк Әскерлері әскери мекетебінің бастығы ұлан подполковнигі Руслан Жамұқов.
Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі