Батальонның тактикалық жаттығуы өтті

0

Гвардейск гарнизонындағы танк бригадасында батальонның тактикалық оқу-жаттығуы өтті.

Іс жүзінде өткізілетін оқу-жаттығу қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, өз деңгейде өтті. Белгіленген тәртіппен барлау бөлімшесінен қарсыластың қайда орналасқаны туралы ақпарат келіп түсті. Батальонның жеке құрамы дабыл белгісі бойынша жабдықталып, қару-жарақ алды. Сонымен қатар, олар штаттық техникалармен Мәтібұлақ полигонына марш жасап, тактикалық жаттығуды орындады. Жаттығу барысында батальон жеке құрамы командалық пункт орнатып, қорғаныс шебінде орналасып әрі қарай қарсыластың іс-әрекеттеріне қарсы шабуыл жасап қарсыластың көзін жойды.
Тактикалық жаттығу барысында жеке құрам тәжірибелік білімдерін шыңдап, дағдыларын жетілдірді.
Батальон жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп, тактикалық оқу-жаттығуды тиісті деңгейде орындады. Жаттығу барысында олар өздерінің жауынгерлік дайындығын көрсете білді. Батальон әскери қызметшілерінің тактикалық жаттығудағы іс-әрекеттері бөлімнің барлық жеке құрамына үлгі болады деп ойлаймын, – деді әскери бөлім командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары подполковник Марат Омаров.

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.