МӘСЛИХАТТА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР САРАЛАНДЫ

0

Бейсенбі күні Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың сессиясы өтіп, оның жұмысына депутаттармен қатар аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай және сессияның күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша жауапты  тұлғалар қатысты.

Ең алдымен 29 қазан күні өткен аудандық мәслихат депутаты сайлауының қорытындысы бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Эльдар Көмекбай сөз алып, №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына көпшілік дауысымен Мақсат Сармановтың сайланғанын хабарлады.

Одан кейін мәслихат аппаратының басшысы Олжас Жортаров аудандық мәслихаттың 2023 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу және аудандық мәслихат аппаратының құрылымы мен штат саны туралы сұрақтар бойынша хабардар етті.

Жиында аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева ағымдағы жылдың аудандық бюджетіне енгізіліп жатқан өзгерістер туралы баяндады. Депутаттар бұл мәселені жан-жақты талқылап, өз ұсыныстарын айтты.

Бұдан бөлек сессияда аудандық тұрғын үй комиссиясының құрамы да бекітіліп, бұрын қабылданған кейбір аудандық ведомствоаралық комиссияларға өзгерістер енгізілді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.