МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРДЫҢ САЙЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

0

2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға дайындық шеңберінде аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылған мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының мүшелерінің қатысуымен референдум учаскелерінің мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімділік деңгейін зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Зерделеу барысында кресло-арбадағы азаматпен референдум учаскелеріндегі инфрақұрылымның қолжетімділігін, атап айтқанда кіреберістердің, пандустардың, ақпараттық белгілердің және дауыс беру процесіне қажетті басқа да жағдайлардың талаптарға сәйкестігіне көз жеткізіп, учаскеге кіру, ғимарат ішінде қозғалу және дауыс беру процесіне қатысу мүмкіндіктері практикалық тұрғыда бағаланды.

Сондай-ақ, мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы бұрышта зағип жандар үшін дайындалған аудиожазбалар тыңдалып, ал есту қабілеті бұзылған азаматтар үшін сурдоаудармашы түсіндірген бейнежазбалар көрсетілді.

Зерделеу барысында мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар өкілдерінің ұсыныстары мен ескертпелері назарға алынып, оларды ескеру бойынша тиісті шаралар қарастырылды.

Аталған жұмыстар мүгедектігі бар азаматтардың референдумға толыққанды қатысуына жағдай жасау және олардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.