Мұң мұратқа айналмаса, ұлтты не күтуі мүмкін?
«Тарихшы ретінде айтарым, бұл – психология. Ол тек ұлтқа ғана емес, жеке адамға да тән. Егер адам үнемі өткен өмірімен өмір сүре берсе, қайғыға байланып қалады. Ондай адам алға жылжымайды, дамымайды. Сондықтан адамға да, ұлтқа да мінез, табандылық керек. Өткенге салауат айтып, болашаққа сеніммен қарау қажет. Жасампаз ұлт болу үшін ұлттың амбициясы, миссиясы болуы керек. Зиялы қауымнан бастап әр азаматқа дейін өз ұлтының болашағы туралы ойлануы керек. Сонда ғана ұлтта мінез қалыптасады», — деді ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы.