«МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

0

Қордай аудандық мәдениет үйінің «Зерде» жылжымалы киноқондырғы меңгерушісі Бурумбаева Зураш Науқанбайқызы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Ұзақ жылдар шалғай ауылдарға қатынап, жылжымалы киноқондырғымен талай мәдени шараның басы-қасында жүрген Зураш Науқанбайқызының бұл лайықты марапаты деп ұққан жөн.

Марапат иесінің еңбек жолына аздап тоқтала кетсек. 1989 жылы Қордай аудандық мәдениет бөлімінің драма үйірмесінің жетекшісі, 1999-2003 жыл аралығында аудандық бас режисер қызметін атқарғанын біреу білсе біреу білмес. 2003-2006 жылдар аралығында аудандық Мәдениет үйінің директоры қызметін де абыроймен атқарған. 2006 жылдың қыркүйек айынан бері жылжымалы кино-қондырғы автоклуб меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Бүгінгі күннің жаңалықтарымен шалғай ауылдарға барып таныстырып отырады. Ауылдағы тұрғындарға кино көрсетіп және мәдени іс-шараларды өткізеді. Кәсіподақ төрайымы болып ұжымға қолдау жасап, тиісті жұмыстарын атқарып жүргені. Жалпы 35 жыл ауданның мәдениет саласында тер төгіп жүрген жан.
Бұл төсбелгісімен мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқан, елдің мәдениетін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі мен жеке үлесі, мәдениет саласын жетілдіруге белсене қатысқаны, мәдениет жүйесінде инновациялық қызметі үшін мәдениет саласында 15 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар мәдениет саласының қызметкерлері марапатталады. Ендеше, марапат өз иесін тапты.
Зураш Науқанбайқызын құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына бақ-береке, қызметіне сәттілік тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.