ҚАРАКЕМЕРДЕГІ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

0

19 желтоқсан күні Қаракемер ауылында «ЖЕЛТОҚСАН ШЕЖІРЕСІ — ЕЛІМНІҢ МӘРТЕБЕСІ» атты желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу кеші өтті. Кездесуге Қаракемер ауылынан желтоқсан оқиғасына қатысушылар шақырылды. Сондай-ақ кездесудің қадірлі қонағы ретінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасының көркем академиясының академигі, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Әбдірашид Бәкірұлы, доктор, профессор, тарихшы, шежіреші этнограф, жазушы Данияр Әлбозым және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, спорт журналисі Ақын Ордабайұл, Қордай ауданы білім бөлімінің әдіскерлері Совет Жасыбаев пен Ербол Тайбеков болып, жиын жалпы үш бөлім бойынша өтті.

1-ші бөлімде тарих пәні мұғалімі М.Альманбетованың ұйымдастырумен мәдениет үйінде «Желтоқсан ызғары» әдеби-сазды кеші өтті. Оқушылар тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына айналған, бізге тәуелсіздік туын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған — 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы маңызды ақпараттар беріліп, әндер орындалып, молоногтар оқылды. Оқушылардың орындауында көңілен шыққан Қайрат Рысқұлбековт туралы драмалық көрініс ерекше әсерлі болды.
2-ші бөлімде тарих пәні мұғалімдері М.Қибеков және Р.Соганбавтың ұйымдастыруымен «Ызғарлы желтоқсан» атты дөңгелек үстел өтіп, оқиғасының қатысушылырымен танымдық кездесу өткізді. Кездесуде оқушылар өздерін қызықтырған желтоқсан оқиғасына байланысты сұрақтар қойды, желтоқсаншылардың жауаптарын тыңдады. Қазақстанның өткені мен бүгіні жайында, жеткен жетістіктеріміз бен алдағы шығар белестеріміз, алар асуларымыз әңгімеге арқау болды. Бүгінгі кездесу жастарға рух беріп, өз елінің патриоты болуға үн қосқандай болды.
3-ші бөлімде «Желтоқсан — Тәуелсіздіктің ұлы рухы» бұрышының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұрышқа желтоқсан оқиғасының қатысушыларының суреттері қойылған. Бұрыш заманауи тұрғыда жасалған, себебі әр суретте QR — кодтар бар, сол код арқылы оқушылар сканерлеп желтоқсаншылар туралы толық ақпарат алуға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.