Күн сайын біз жос-пар құрып, болашаққа үмітпен қарап, алға қарай ұмтылып келеміз. Кейде болмайтын нәрсеге ренжіп, жабырқайтынымыз да бар. Бірақ, науқастана қалсаң, мұның бәрі түк те емес болып қалады екен. Жерлесіміз Мөлдір Әділова осындай жағдайға тап болды. Сарыбұлақ ауылында туып-өскен білімге құштар қыз мектепте озаттар қатарында көрініп, спортпен шұғылданып, кітап оқуды жақсы көретін. Бауырмашыл ол әрдайым туған-туыстарына қолдау көрсетіп, қолынан келгенше көмегін аямайтын. Енді Мөлдірдің өзіне көмек қажет. Университетті үздік бітірген соң, туған ауылына қайта оралған. Ол өмірін балаларға білім беруге арнауды жоспарлаған, алайда оған «жұлынның қатерлі ісігі» диагнозы қойылып, жоспарларын кейінге қалдыруға тура келді. Қазір бойжеткеннің бір ғана арманы бар – ол ертеңінде сап-сау ояну. Бір жылдың ішінде бойжеткенге 3 ота жасалды, ол сәулелі терапияның 26 сеансын және химиотерапияның 3 сеансын алды. Алайда, ем-дом шараларына қарамастан ауру күшеюде. Соңғы ота Мөлдірге қатты әсер етті, оталық емдеуден кейін оған медициналық көмек және ұзақ оңалту қажет. Қазір М.Әділова химиотерапияның кезекті курсынан кейін үйіне келді. Қимылдаудың өзі қиын, аяқ-қолы қозғалмайды.
Химиотерапияның соңғы курсы қиын болды, әлсіреген ағза процедураларды ауыр қабылдады. Дегенмен өмірге құштар қайсар мінезді бойжеткен мұңаймай, өмір үшін күресуге бар күшін салып жатыр. Оған қоса, оған көптеген адамдар қолдау көрсетуде. Осыған дейін Мөлдірдің туған-туыстары біздің оқырмандардан көмек сұраған болатын. Бүгін олар қайтадан жерлестерінен қол ұшын беруді өтініп отыр.
«Қызыма көмек көрсетулеріңізді сұраймын. Мөлдір ауруды жеңіп, сіздердің қолдауларыңыз бен дұғаларыңыздың арқасында өмірдің қызығын көру үшін біз үшін кез келген көмек ауадай қажет», — дейді Мөлдірдің анасы.
Аурудың азабын тартып жатқан баласының қиналып жатқанын көрген ананың сөзін жерге қалдырмай, Мөлдірге көмек беруге асығайық, ағайын.
+7 707 887 0146 (бойжеткеннің анасының номері).
Каспи: 5169497122905130 (Ғалия М.)
Халық: 4405639792123679 Galia Myrzakhmetova
МӨЛДІР ӨМІР СҮРГІСІ КЕЛЕДІ
Prev Post
Next Post