Бүгін Масаншы ауылының мәдениет үйінде бекітілген кестеге сәйкес ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараға аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары И.Черных, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айгүл Заурбаева және халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары А.Елеусізова қатысты.
Кездесуде әр түрлі мәселелер көтеріліп, ең алдымен мүмкіндігі шектеулі балаларға қарастырылатын жеңілдіктер, тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, санаторий-курорттық емдеу және тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты болды.
Сондай-ақ, міндеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жайында да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Әрбір қойылған сұрақ назардан тыс қалмады және бақылауға алынды.