МАМАНДАР КЕҢЕС БЕРДІ

0

Қаңтар айының 23-24 күндері  Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының Қордай ауданы бойынша арнайы бөлімінің  инспекторы  Мұхтар Саидов  Қарасай, Еңбек, Сортөбе, Қарасу және Қордай халықаралық шекара бекеттерінде «Еліміздегі дәстүрлі емес діни ағымдар және жастардың құқықтық-діни сауатын арттыру» тақырыбында  кездесулер өткізді.

Оған ҚР ҰҚК шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің тәрбиелік, идеологиялық және кадрлар басқармасының бастығы полковник Дархан Ахметов, Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының тәрбиелік, идеологиялық және кадрлар жұмыстары бөлімі бастығының орынбасары Нұрбек Орақов бастаған сарбаздар қатысты. Кездесу барысында дінтанушы дәстүрлі емес діни ағымдар және олардың өкілдері, әлеуметтік желідегі экстремистік сайттар туралы жетік түсіндіріп, қатысушылар тарапынан түскен сұрақтарға тұшымды жауаптар берді.

Ал, 25 қаңтар күні Қордай ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Әділет Құттыбайдың ұйымдастыруымен №2 М.Ломоносов атындағы орта мектепте  Қарилар медресесінің директоры, дінтанушы Ғалымжан Шерниязов, Дін проблемаларын зерттеу орталығының маманы, теолог Мұхтар Саидов, №2 М.Ломоносов атындағы орта мектеп директорының құқық және тәрбие жөніндегі орынбасары Маржан Олпанованың қатысуымен  «Лудомания» дегеніміз не?  «Ойынға ойсыз құмар» және «Діни экстремизм діни ағымдардың қоғамға келтіретін зардаптары»  тақырыбында 10-11 ші сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді.  Кездесу барысында сөз алған Ғалымжан Сайлауұлы бірқатар өзекті мәселелер төңірегінде ой қозғап, жастарға ең басты назарды білім алуға бұрып,  келешекте ата-аналарымен ұстаздарының үмітін ақтасын деген ізгі тілегін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.