МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

0

Ауданда жыл он екі ай бойы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы бойынша — жастар практикасы ұйымдастырылуда. Бұл — жұмыссыз жүрген жастарды жұмыспен қамтып, тәжірибе жинауға мол мүмкіндік беретін бағдарлама. Жастар практикасының мерзімі — 12 ай және практикадан өтетіндерге 91890 теңге (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып) төленеді. Өз мамандығын терең үйреніп, тәжірибе жинағысы келетін жастар бұл бағдарлама туралы жақсы біледі.
Жастар практикасына қатысушы жас маманның бірі — Әлқожа Меруерт Жоранқызы. «Береке» гуманитарлық – техникалық колледжінің «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығы бойынша диплом алған. 2022 жылы шілде айында «Халықты жұмыспен қамту орталығына» жұмыссыз болып тіркеліп, Қордай ауылындағы «Sabi Merey» бала бақшасына жолдама алды. Бүгінгі күні жұмысқа қабылданып, мамандығы бойынша тәжірибе алуда.
Жастар практикасы — оқуды аяқтағаннан соң 3 жыл ішінде алған кәсібі немесе мамандығы бойынша жұмысқа орналасуды жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі. Түлектерді жұмысқа бейімдеу мақсатында ұйымдастырылатын бағдарламаға техникалық- кәсіптік және жоғары оқу орындарын аяқтаған 29 жасқа дейінгі түлектер қатыса алады.

Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.