Мектеп оқушыларымен өткен ерлік сабағы

0

Гвардейск гарнизонындағы танк бригадасының бастамасымен Бауыржан Момышұлы атындағы 43-ші орта мектептің оқушыларына «Отанды қорғау – әр азаматтың міндеті» тақырыбында ерлік сабағы өткізілді.

Елін-жерін қорғау – әр азаматтың Отан алдындағы қасиетті парызы. Сол себепті, ел намысын қорғайтын жастарды патриотизмге тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі болып қала бермек.
Ерлік сабағына қатысқан Ауған соғысының ардагері Рахмет Байтеміров қиын әрі қасіреті соғыста қазақстандықтардың жауынгерлік тапсырмаларды қалай орындағанын, әртүрлі ұлттан құралған әскер қатарының мызғымас достығы мен көрсеткен ерлігі жайында кеңінен әңгімелеп берді.
– Бүгінгі ерлік сабағы» оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сабаққа қатысқан оқушылар ардагерге өздерінің сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала алды. Бұл кездесуден оқушылар ұмытылмастай әсер алғаны сөзсіз, – дейді әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Думан Біләлов.
— Шара соңында мектеп басшылығы ерлік сабағын ұйымдастырған әскери қызметшілерге ризашылығын білдіріп, ел қорғаудағы істеріне сәттілік тіледі.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.