Жолдауын халыққа түсіндіру бойынша республикалық үгіт- насихат тобының мүшелері Қонаев қаласындағы орта мектеп-гимназиясында білім саласы қызметкерлерімен кездесті.
Жиында Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Қайрат Жұманов ашып, бүгінгі басқосу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын түсіндіруге және Қазақстан Халық Кеңесінің І сессиясының қорытындыларын талқылауға арналып отырғанын жеткізді.