Мемлекет басшысының ел экономикасына қомақты инвестиция тарту, терең өңдеуді дамыту және өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмалары Жамбыл облысында нақты жобалар мен нәтижелі жұмыстар арқылы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды baq-orda.kz.
2026 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша аймақта инвестициялық белсенділіктің оң серпіні байқалады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 218,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71,6%-ға артық. Бұл тұрғыда өсу қарқыны бойынша республикада бірінші орынды иеленіп, өңір экономикалық дамудың тұрақтылығын сақтап отыр.