Мемлекет басшысының жүйелі цифрландыру және экономиканың барлық саласына ЖИ енгізу туралы тапсырмасын орындау аясында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Стэнфорд университетінің Жасанды интеллект зерттеу орталығы — Stanford University Human-Centered Artificial Intelligence (HAI), ChatGPT жасаушысының білім беру платформасы — OpenAI Academy және Кремний алқабындағы халықаралық Silkroad Innovation Hubмен серіктестікте «AI Leaders 2026» флагмандық білім беру бағдарламасын бастайды, деп хабарлайды baq-orda.kz Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл — академиялық тәжірибе мен практикалық қолдануды ұштастырған, Орталық Еуразия өңірі үшін жасалған жасанды интеллект саласындағы көшбасшыларды даярлайтын ең ірі корпоративтік бағдарлама. Негізгі ұйымдастырушылардан бөлек, ЖИ-агенттері мен цифрлық шешімдерді жасауға мүмкіндік беретін Lovable және CAYU платформалары, сондай-ақ Назарбаев Университеті жанындағы Интеллектуалды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) жобаның серіктестері болып табылады.