Жамбыл, Жаңатұмыс және Үлкен Сұлутөр ауылдарының мектеп түлектері туған жерге деген құрметтің жарқын үлгісін көрсетті.
Ауыл жастары елді мекендерге сән беріп, тұрғындардың мақтанышына айналар ерекше тарту жасап, ауыл атаулары бейнеленген заманауи композициялар орнатты.
Бұл бастама – туған жерге деген сүйіспеншілік пен елге қызмет етудің айқын көрінісі. Осындай игі істер арқылы жастар ауылдың көркеюіне өз үлестерін қосып, кейінгі буынға өнеге көрсетуде.
Туған ауылын ұмытпай, оның дамуына жанашырлық танытқан түлектерге алғыс білдіреміз.