МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН ЖЕР УЧАСКЕСІН МӘЖБҮРЛЕП ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУДЫ БАСТАУ ТУРАЛЫ

0

Қордай ауылы                                №83                           26.02.2026 жыл

МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН ЖЕР УЧАСКЕСІН МӘЖБҮРЛЕП ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУДЫ БАСТАУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін — өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 — тарауына және Жамбыл облысы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 3194-25-00-4/737 шешіміне сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қордай ауданы, Қордай ауылы, Нығмет Сауранбаев көшесі, №159/1 мекенжайдағы, азамат Адодин Сергей Юрьевичтің 06-090-001-778 кадастрлық нөмірдегі, көлемі 0,0839 гектар, өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін арналған жер учаскесі мен тұрғын үйге қатысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын;
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні: 2026 жылдың 30 тамызға дейін белгіленсін;
  3. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскелерінің меншік иесінің жүгінетін орны: Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, № 278 үй мекен жайы бойынша орналасқан «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілік ғимараты;
  4. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін;
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Қордай ауданының әкімі                                                                    Б.БОЛАТБЕКОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.