МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ

0

Жақында Қордай ауданына облыстық мәслихат депутаттарынан құралған жұмысшы топ келіп, нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ауданда жүзеге асу барысын зерделеді.
Жұмысшы топ «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар тарапынан іске асыруы жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес қабылданған шаралардың, бағдарлама бағыттары бойынша жұмыстардың орындалу мерзімдері қандай деңгейде қадағаланғанына зерделеу жүргізді.
«Еңбек» бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған аудандық комиссияның атқарған жұмыстарын, бағдарлама негізінде техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға үміткерлер тізімін қалыптастыру үшін мектептерден мобильдік топтардың құрылуы жайы да қаралды.
Оның ішінде, мобильдік топтардың жұмысы бойынша үміткерлер тізімінің жасақталу барысы, бағдарламаға ҰБТ тапсыра алмаған түлектер, оқу орнына түсе алмаған азаматтар, тұрмысы төмен отбасынан шыққан, жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы балаларды тарту бойынша атқарылған жұмыстарды және тағы да басқа жадынамада көрсетілген тармақтардың орындалуымен танысты.
Өз кезегінде жұмысшы топ ауылдық округтерді аралап, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыратын аудан әкімдігінің салалық бөлімдерінің жұмысымен де танысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.