МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ҚАЖЕТ

0

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте тұрғын үй құрылысына қатысты мәселелері қаралды.
2020 жылдан басталған «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша жамбылдықтар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналып 338 үй салды. Осы жылы 106 баспанаға мұқтаж отбасы үшін үй салу жоспарланған.
– Аз қамтылған отбасылардың тұрғын үй мәселесін шешіп қана қоймай, олардың тұрақты табысының бар болуын қамтамасыз ету керек, – деп тапсырды облыс әкімі.
Кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы 4 208 пәтерлі 68 көпқабатты үйдің құрылысы қолға алынып, оның 2 260 пәтерлі 34 үйі пайдалануға берілді.
Биыл «Қуатты аймақтар – ел дамуының драйвері» жобасы аясында облыста жалпы сомасы 11,6 миллиард теңгеге 3 689 пәтерлік 70 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Жыл соңына дейін 2564 пәтерлік 45 үйді пайдалануға беру жоспарда бар.
Жеке инвестиция есебінен 435 пәтерлік 10 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс қолға алынған.
Осы жылы 71 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға 8,4 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде кезекте тұрғандар жаңа аумақтардан 869 жер телімін алады.
Облыс әкімі уәкілетті органдардың құрылыс сапасын қатаң бақылау қажеттігіне назар аударды.
– Барлық учаскелердегі құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес аяқталуы тиіс. Сонымен қатар бюджеттік қаражатты үнемдеп игеруге назар аударыңыздар. Мемлекеттік бағдарламалардың тетіктерін тиімдірек пайдалану қажет, – деп түйіндеді сөзін Нұржан Нұржігітов.
Жиын барысында суару арналарын жөндеу және вегетациялық кезеңге дайындық мәселелері де талқыланды. Нұржан Нұржігітов «Қазсушар» облыстық филиалының қызметін сынға алып, аудан әкімдеріне бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.