Заңды маңызы бар іс-әрекеттер жасағаны үшін, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттарды берумен байланысты бюджетке төленетін төлем Мемлекеттік баж болып табылады.
Мемлекеттік бажды қате төлеген немесе заңды әрекетті жасаудан бас тартқан салық төлеушілер қайтарып алуына болады. Мемлекеттік бажды қайтару Салық кодексімен және ҚР ҚМ бұйрығымен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу қағидаларымен регламенттеледі.
Мемлекеттік бажды төлеу үшін бюджеттік сыныптаманын екі коды көзделген:
- 108125 республикалык, бюджетке
есептелетін мемлекеттік баж;
- 108126 жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж.
- Мемлекеттік баждын төленген сомалары — тиісті уәкілетті мемлекеттік орган электрондық база арқылы және (немесе) кағаз жеткізгіштерде оның мұндай төлемдерді жүзеге асыру үшін төлеу талап етілетін іс-әрекеттерді жасамау фактісін (онын ішінде салық төлеушінің тиісті құжаттарды бергенге дейін іс-әрекеттер жасаудан бас тартуы нәтижесінде) растаған жағдайда, артық төленген болып танылады.
Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын салық төлеуші ұсынған өтініш пен қайтарудың заңдылығын растайтын тиісті мемлекеттік органның құжаты негізінде салық органы қайтарады.
Мемлекеттік баждың қате төленген сомасы аударылған кезде мынадай қателіктердің кез-келгені жіберілген сома болып табылады:
1) төлем құжатында салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген; салық органының сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген; төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына немесе кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмейді;
2) екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның салық төлеушінің төлем құжатын қате орындауы;
3) төлем салық төлеуші-ақша жөнелтуші тіркеу есебінде тұрмайтын салық органына жүргізілсе;
4) ақша жөнелтуші салық төлеуші мемлекеттік баж төлеуші болып табылмайды.
Көрсетілетін Мемлекеттік «Салықтарды, бюджетке төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізу» қызметті беруші Мемлекеттік корпорация «электрондық Үкімет» веб-порталы www.egov.kz, «eSalyq Azamat» мобильді қосымшасының Салық әмияны арқылы оған қоса растайтын құжат негізінде көрсетіледі.