МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ОТБАСЫМ

0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «2022 жыл – Балалар жылы» деп жариялады. Балаларды қорғау мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті екенін атап көрсеткені баршамызға белгілі. Салауатты өмір салтын ұстану – осы іс шараның бір баспалдағы. Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес, ересектердің де күш – қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал етеді.
Осыған орай Нұрсила әже балабақшасында 11 тамыз күні тәрбиеленушілер мен ата-аналарының арасында отбасылық «Мен және менің отбасым» атты спорттық сайыс өтті. Сайыстың басты мақсаты — өскелең ұрпақты қорғау, отбасы мүшелерінің денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын байқау, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Сайысқа 3 топтан 3 отбасы қатысты. Осы күні Есілбаевтар, Ниязгуловтар және Карипкуловтар отбасы үлкен белсенділік танытып, өнерлерін ортаға салып, спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Тартысты әрі қызықты өткен жарыс нәтижесінде 1 орынды Есілбаевтар отбасы жеңіп алды. 2 орында Ниязгуловтар, 3 орынға Карипкуловтар отбасы ие болды. Әр орындарға балабақша директоры Лидя Бегалиева бағалы сыйлықтар табыстап, тәрбиеленушілерге тәттілер сыйлады. Іс – шарамның жалғасы аниматорлармен жалғасты. Олар әр түрлі ойындар ойнатып, балаларды билетіп, кермет көңіл-күй сыйлады. Балабақша тарапынан ұйымдастырылған шараға ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді. Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне үлкен ықпал жасаған әдіскер Мөлдір Нығыметолла және де балабақша тәрбиешілері Алтыншаш Ахметова, Нұргүл Кетебаев, Жанат Салмакеева, Аида Қанатқызы, музыкант Ағила Балтабаеваның еңбегін атап өткен жөн.

Leave A Reply

Your email address will not be published.