МЕРЕЙІ ҮСТЕМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР

0

Жуырда Қордай ауылындағы Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығында мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық спартакиада өтті. Бұл күні таңнан қара кешке дейін жұмыстан бас алмайтын мемлекеттік қызметшілер бір сәтке болса да сергіп қалды.

«Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай ұйымдастырылған жарыс спорттың бес түрінен – футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және қазақ күресінен өткізілді. Аталмыш спорт додасына аудан әкімшілігінің бөлімдері және 19 округтен 100-ден астам қызметші қатысып, әркім өз командасының намысын қолдан бермеуге тырысып бақты.
Іс-шара барысында қатысушыларды Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Сатымқұл кәсіби мерекелерімен құттықтап, алдағы ойындарына сәттілік тіледі.
Мемлекеттік мекеме қызметшілері арасында бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын ұстану және спорт арқылы ұжымдарда парасатты қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізіліп отырған шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қызықты әрі тартысты өтті. Ал, жүзден жүйрік атанған жеңімпаз командалар және жүлдегер қызметшілер медаль, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.