🔷Қордай ауданының 95 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар қатары бүгін Қарасай ауылында жалғасты.
Атаулы датаға орай «Мерейлі Қордай, құтты қонысым!» атты ауыл тұрғындарына арналған мерекелік кеш өтті.
Іс-шараға ауыл әкімі Күлжахан Елемесова қатысып, жиналғандарды мерейтоймен құттықтап, ауданның тарихи кезеңі мен ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып өтті.
Ауданға танымал өнерпаздар үздік ән-жырларынан шашу шашып, Қордайдың әсем табиғаты мен батыр тұлғаларына арналған өлеңдерімен көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.