АРДАГЕР ӨМІРІ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ

0

Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің аудандағы этносаралық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қарасай ауылының жастарының еңбек ардагерлерімен кездесуі өтті.

Кешенді шаралар жоспарындағы «Біз де жас болғанбыз» айдары бойынша еңбек ардагері Жетігенов Құрманғазы мен ардагер ұстаз Әлпешова Ұлберген ауыл жастарымен кездесіп, өмір жолы мен еңбек жолы жайында тағылымды кеш өткізді.

Кездесу барысында өмірден түйгені мол, тәжірибелі аға буын өкілдері адал еңбек ету, еліңе қызмет ету, өз ісінің маманы болуға ұмтылу, бейбіт өмірдің маңызы жайында сөз қозғады. Ардагер ұстаз Әлпешова Ұлберген жастарды білім алуға ұмытылуға, ерінбей еңбек етуге, елдің дамуы үшін аянбай тер төгуге шақырды.

Ауыл жастары мен мектеп оқушылары тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, ардагерлерден жауап алынды.

Әсерлі кездесудің соңында жиналғандар естелік суретке түсіп, тарасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.