МЕРЕКЕ-МАРАПАТ

0

Көктем деген тұңғышы мерекенің,

Гүлдің көркі нышаны берекенің.

Күн мен түнді қоржындап теңестіріп,

Құшағыңның сезесің кең екенін.

 

Сыйластықтың ізетті ұлы көші,

Еркіндікпен әрбір төр тең екенін.

Үш жүздің бір жағадан бас шығарып,

Бауыр деген ұғымның – жең екенін.

 

Наурыздың дастарханы – теңдік өріс,

Әрбір арын-қасиет төр екенін.

Ақ жаулықтар Аналық дәуірімен,

Бесік жырын төлдеткен ер екенін.

 

Сіз бен бізде жүректің сертінде тұр,

Ана тілім, ақ сандық, ел екенін.

Алты Арыс, көк түрік, көк бөріміз,

Ел біледі шөкпейтін бел екенін.

 

Әр үйдің тайқазаны, асыл тұмар,

Дастарханы шалқыған көл екенін.

Осы бір ой тербеткен шаттығыммен,

Үлкен-кіші, жыр қойнау сері екенін.

 

Ұмытпаңдар әрбір күн ол марапат,

Сәттілікке тағылған шен екенін.

Мен айтсам барлықтарың ұлысыңдар,

Бір жігі жоқ, көрсетер кем екенін.

 

Атхан ИМАНАЛИЕВ, зейнеткер

Leave A Reply

Your email address will not be published.