🎭 МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ
📍 Аудан өнерпаздары марапатталды
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай аудан әкімінің кеңесшісі Айдын Байбеков мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесіп, аудан әкімі Бегзат Болатбековтың мерекелік құттықтауын жеткізді.
Кездесу барысында мәдениет пен өнердің қоғамдағы орны мен руханиятты дамытудағы маңызы кеңінен айтылып, сала мамандарының елеулі еңбегі жоғары бағаланды.
Мерекелік шарада аудан мәдениетінің дамуына үлес қосқан бірқатар қызметкерлер аудан әкімі Бегзат Болатбековтың Құрмет және Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Балпукованың Алғыс хаттары табысталды.
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ Аудан өнерпаздары марапатталды
Next Post