Момышұлы мектебі ашық есік күніне қатысты

0

Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің оқушылары танкистер құрамасында болып, «Әскердегі бір күн» акциясы аясында өткен ашық есік күніне қатысты.
Оқушыларға әскери қызметшілердің күнделікті және жауынгерлік оқу-жаттығулардағы далалық әскери киім үлгілері, қару-жарақ пен әскери техника түрлері, оқу-жаттығу құралдары көрсетілді. Сонымен бірге АК-74 автоматын бөлшектеп-құрастыру бойынша жарыс ұйымдастырылды. Оқушылар казарма, үй-жайлармен танысып, сарбаз ботқасынан дәм татты. Барлау бөлімшесінің жеке құрамы жекпе-жек ұрысы элементтерін көрсетті.
– Біздің мақсатымыз – өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеру, оларды әскери өмірге моральдық-психологиялық тұрғыда дайындау, – деп атап өтті бригада сержанты 1-ші сынып сержант Бақтияр Ратов.
Шара соңында оқушылардың сынып жетекшілері әскери бөлім басшылығына алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді.
Жастарға сапалы білім беру, оларды патриотизмге тәрбиелеу әрдайым маңызды болып қала бермек.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.