Қарулы Күштердің ардагерлері марапатталды

0

Гвардейск гарнизонында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына биыл — 30 жыл толып отыр. Осыдан отыз жыл бұрын 1992 жылы 7 мамырда «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлыққа сәйкес әскеріміз құрылған болатын. Яғни 7 мамыр Отан қорғаушылар күні болып белгіленді.
Айтулы мерекеге орай гарнизондық офицерлер үйінде Қарулы Күштеріміздің ардагерлерін марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, Әскери бөлім командирлері мен мекеме бастықтары және Ауған соғысының ардагерлері мен Қарулы Күштеріміздің ардагерлері қатысты. Шара барысында ардагерлеріміз алғыс хат, грамотамен марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, әскери бөлімдердің үздік әскери қызметшілері грамотамен марапатталды. Шара соңында қонақтар концерттік қойылымдарды тамашалады.
– Қарулы күштер еліміздің тұрақтылығы мен елдігіміздің кепілі екені баршамызға аян. Өз өмірін Отан қорғауға арнаған адал азаматтарымыз ерекше құрметке ие. Оларға халқымыздың қауіпсіздігі мен бейбіт астындағы өмір үшін ризашылығымды білдіремін, – деді 40-шы «Отар» Әскери базасы бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Ерболат Шеримбетов.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.