НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕГЕН

0

25-27 қаңтар аралығында Астана қаласында кураштан ересектер (ерлер мен әйелдер) және 2009-2011 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған еліміздің 15 өңірінен 300-ден аса палуан қатысты.

Аталған чемпионатта Жамбыл облысы Қордай ауданының спортшылары жүлделі орындарға ие болып, намысты қолдан бермеді. Ересектер арасында  Федоров Данил (100 кг), жасөспірімдер арасында Буралкинова Шариз жүлделі орындарды иеленді.

Жеңімпаздар 25 маусым — 7 шілде аралығында Ресей Федерациясының Якутск қаласында өтетін жасөспірімдер арасында «Азия балалары — Дети Азии» VII халықаралық спорттық ойындарына, ал ересектер қараша айында Таиланд елінде өтетін жабық кешендегі VI Азия ойындарында ел намысын қорғайтын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.