Психикалық педагогикалық тежелудің алдын алуда нейрокоррекцияның маңызы өте зор. Санаулы күндерден кейін жаңа оқу жылы басталады. Ал, сіздің балаңыз мектепке қаншалықты дайын? Балаңыздың мектепке сапалы дайындығын қандай параметрлер арқылы анықтайсыз? Негізінен екі түрлі ата-аналар болады. Бірінші топтағы ата-аналар: мектепке балаға киім-кешек пен оқу құралымен шектеледі. Екінші топтағы ата-аналар: баласы мектепке оқып, жазып, санап, минутына 50-60 сөз оқып барғанын қалайтын ата- аналар.
Баланың мектепке дайындығын үш кретерий арқылы анықтауға болады.
Физиологиялық дайындығы.
Әлеуметтік, психологиялық дайындығы.
Нейропсихологиялық дайындығы.
Әр қайсысына жеке — жеке ашып тоқталып өтсек.
Физиологиялық дайындығы — бұл баланың толықтай денсаулығының дайындығы. Мектеп алды медициналық толық тексерістен өтуі. Ата — ана мектепке баланың құжатын тапсыру мақсатында формально медициналық тексеруден өтуі қажет емес. Арнайы дәрігердің тексерісінен өту маңызды. Құлағының дұрыс естуі, көзінің дұрыс көруі, ағзада дәрумен тапшылығы бар ма? Бұның бәрі баланың сабақ үлгеріміне тікелей қатысты.
Әлеуметтік психологиялық дайындығы — бұл жерде баланың мотвациялық дайындығы жатады. Қоршаған ортаға бейімделуі. Мұғаліммен, сыныптағы балалармен субардинациясы бар ма, әлде жоқ па? Кімге сіз, кімге сен деп сөйлеуді білеме? Бұл да өте маңызды. Біз осындай мәселені көтеріп отырғандықтан ол мәселе қоғамда бар деген сөз.
Нейропсихологиялық дайындығы — Нейропсихологиялық дайындығы дегеніміз не? Ол баланың бойындағы жоғарғы психикалық функциялардың толық жетілуі немесе дамуы. Ал жоғарғы психикалық функцияларға не жатады: қабылдауы, зейін шоғырландыра алуы, эмоциясы, ерік жігері, ойлауы, сөйлеуі, есте сақтауы.
Ал ата-ана ретінде бізде мәселе қашан басталады? Баланың мектепке сапалы дайындығын назардан тыс қалдырып жатқанда болады. Біз баланы мектепке дайындаймыз немесе мүлдем дайындамаймыз. Мекпетке дайындықсыз барған балада қандай қиындықтар болады.
Таңертең сабаққа тұруы қиын.
Өз киімін кие алмайды.
Өздігінен сабақ орындай алмауы.
Кеңістікті бағдарлай алмайды.
Жазыунда, оқуында қиындықтар туындайды.
Есте сақтауы нашар болады.
Зейін шоғырландыра алмайды.
Бір орында тыныш отыра алмайды.
Сөздік қоры аз. т.б.
Осындай бала бойындағы қордаланған қиындықтар баланың жеке тұлға болып қалыптасуына кедергі келтірері сөзсіз. Оның жүрегіне білімге деген құштарлығын аша білген, шырағын жаға білген ұстаздың алдына барса жақсы, нұр үстіне нұр. Мектепке дайындықсыз барған балада психологиялық-педагогикалық тежелуге әкеледі. Дайындықсыз барған балаға қалай көмектесе аламыз. Арнайы маманмен бірлесе отырып нейрокоррекция жасау арқылы. Егер балаңыздың мектепке сапалы дайындығын анықтағыңыз келсе арнайы маманның кеңесіне жүгінгеніңіз абзал. Балаңыздың білім алу жолын әлдеқайда оңай және жеңіл етесіз.
А.Джетыбаева,
ВПМПК дефектолог, нейропедагог маманы
Азаматтардың МӘМС үшін төлеген ақшасы қайда кетеді?
Менің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандаруға аударған жарналарым қайда Қорға қанша ақша жиналды, емханаға бармасақ ақшаларымыз күйіп кете ме? Бұл сұрақтар әлеуметтік желіде жиі қойылады. МӘМС жүйесі 2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанына және оны енгізу туралы ақпарат үнемі жарияланып тұрғанына қарамастан, азаматтардың көпшілігі әлі күнге дейін жарналар мен аударымдар қайда кететінін аңғармайды. Бұл сауалдарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жамбыл облысы бойынша филиалы жауап берді.
«МӘМС жүйесі медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, қаржыландыру тапшылығын төмендету қажеттілігіне байланысты енгізілген. Егер 2019 жылы денсаулық сақтау саласына 1,03 трлн теңге бөлінген болса, 2023 жылға қазірдің өзінде 2,5 трлн теңге қарастырылған. Бұл көрсетілетін медициналық қызметтердің санын ұлғайтуға мүмкіндік берді, соған сәйкес, азаматтардың көпшілігі барынша медициналық көмекке жүгіне алады»- деп тоқталды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиал директоры Ляззат Алимова.
МӘМС үшін ақша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түседі ме?
Көптеген адамдар МӘМС төлемдері Қорға түседі және ол қаражатқа өз қалауы бойынша жұмсайды деп қателеседі. Жарналар мен аударымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі арнайы шотқа түседі (яғни, тікелей Қорға емес), олар басқа мақсаттарға жұмсалынбайды.
Жарналар қайда кетеді?
Ұлттық банктегі арнайы шоттан бұл қаражат медициналық ұйымдарға – Қордың жеткізушілеріне – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілген медициналық қызметтерге төлем ретінде жіберіледі. Яғни, сақтандырылған азаматтар МӘМС тізбесіне енгізілген барлық қажетті медициналық көмекті денсаулық көрсеткіштері бойынша тегін алады, олар үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді.
Мысалы, 2022 жылы МӘМС шеңберінде көрсетілген медициналық көмекке шамамен 836 млрд теңге жұмсалды.
МӘМС-ға қанша қаражат түсті?
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде 590,8 млрд теңге көлемінде жарналар мен аударымдар түсті. Оның ішінде жұмыс берушілердің аударымдары – 37,7%, халықтың жеңілдікті санаттары үшін мемлекеттің жарналары – 33,2%, қызметкерлерден түскен жарналар – 24%-ды құрады, басқа төлеушілер (жеке кәсіпкерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтіндер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, дербес төлеушілер) – 5,1%.
Бұл қаражат МӘМС жүйесінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін төлем ретінде ай сайын жіберіледі.
Егер мен медициналық көмекке жүгінбесем, жарналарымды шешіп ала аламын ба?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жинақтаушы жүйе емес, баршаға ортақ жүйе. Қазақстандық модель пациентке денсаулық жағдайы бойынша талап етілетін емнің көлемі мен құнын шектемеу үшін әлеуметтік бағдарланған түрде құрылды.
Мысалда қарастырайық. Бір жыл ішінде мүмкін болатын ең жоғары жарнамен 1 адам тек 168 мың теңге (айына 14 000 теңгеден) жинайды. Бұл қаражат дербес шотта жиналып, пациент оларды өз қалауы бойынша емделу үшін пайдалана алады деп есептейік. Бірақ бұл сомаға ол шектеулі мөлшерде ғана ем ала алады.
Тек стандартты сынақтар жиынтығы, гормондарды, инфекциялардың болуын тексеру үшін бірнеше ондаған мың қажет. Егер ультрадыбыстық, кардиограмма, КТ/МРТ және басқа аспаптық диагностика қажет болса ше? Яғни бір жыл ішінде жинақталған жарналар диагноз қою үшін толық тексеруден өтуге де жеткіліксіз болуы мүмкін. Сонымен қатар күндізгі стационарға бару немесе тәулік бойы ауруханаға жату қажет болуы мүмкін.
Егер ота жасалатын болса, олардың құны бірнеше миллион теңгеге жетуі мүмкін, онда пациент жай ғана медициналық көмексіз қалады. Жиналған қаражат емделуге кететін шығынды жабуға жетпейді. Сондықтан бұл тәсіл пациенттің өзіне тиімсіз.
Сондықтан, МӘМС жүйесінің отандық моделінде барлық қаражат Ұлттық банктегі бірыңғай арнайы шотқа түседі. Ал сол жерден қаражат төлеушінің санатына және төлеген жарналардың мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған азаматтарға МӘМС бойынша көрсетілген медициналық көмек үшін төленеді.
Егер медициналық көмек алу бойынша тағы сұрақтарыңыз болса, өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау» қызметіне жүгіне аласыз.
Келесі байланыс арналары арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш қалдырып, «сақтандырылған» мәртебесін тексеруге болады:
fms.kz ресми сайты,
1414 байланыс орталығы,
Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы.
Telegram-дағы SaqtandyryBot.
Сондай-ақ, ҚР egov.kz электрондық үкіметінің сайтында «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы білуге болады.
«Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры» КЕАҚ
Жамбыл облысы бойынша
филиалы