Қазіргі күні әрбір азамат ЭЦҚ оңай ала алады. ЭЦҚ өте ыңғайлы әрі сенімді екені белгілі. Алайда ЭЦҚ айтарлықтай қауіп бар, оны біле жүру артық болмайды. Егер ЭЦҚ ұрланатын болса онда басқа біреу құжаттарға қол қоя алады. Олар өте маңызды құжаттар болуы мүмкін.
Электрондық цифрлық қолтаңбаңызды иемденген алаяқтар келесі қадамдарға баруы ықтимал:
— пәтеріңізге кездейсоқ адамдарды тіркеуі;
— көлігіңізді қайта тіркеуі;
— сенімхат ресімдеу және қаржылық құжаттарға қол қоюы;
— нотариаттық мәмілелер жасауы.
ЭЦҚ қолмен жазылған қолтаңбаға тең екенін ескеріңіз. Жоғалған жағдайда оны дереу қайта шығару керек, сонымен қатар құпия сөзіңізді стандартты құпия сөзден күрделірек құпия сөзге өзгерту керек.
Айтпақшы, ЭЦҚ-ны eGov.kz порталы арқылы да, Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы да алуға болады.