«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» — ТАБЫСҚА ЖОЛ АШТЫ

0

Оқуын жаңадан бітірген, қолында дипломы бар жастарға тұрақты жұмыс табу қиын. Жұмыс берушілердің көпшілігі кемінде 2-3 жылдық тәжірибесі болуын талап етеді. Ал жас маманда мұндай еңбек өтілі, әрине, жоқ. Сондықтан бұл ретте «Жастар практикасы» бағдарламасының тиімді тұстары көп. Бір жағынан белгілі бір салада тәжірибе жинақтайды, әрі тұрақты  жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Ауданымызда жастар үшін жарқын жобаның игілігін көірп жатқандар көп. Олардың қатарында Гульсун Фатулаева мен Гульсун Абышевалар бар. Олар бүгінгі таңда 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында Қордай ауданы бойынша «Мансап орталығының» жолдауымен ЖК «Кенжегараева» тігін цехында жастар тәжірибесінен өтуде.

 

Қордай ауданы бойынша «Мансап орталығы»

Leave A Reply

Your email address will not be published.