ОҚУҒА ЖӘНЕ ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ

0

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2022 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара Академиясының және Ресей Федерациясының жоғарғы Әскери оқу орындарына үміткерлерді қабылдайды.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
-жалпы орта немесе арнайы орта білімі бар Қазақстан Республкасының азаматы;
-оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған және жиырма екі жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары;
-әскери қызметті өткендерге, мерзімді әскери қызметшілерге және әскери қызметшілерге оқуға түсетін жылы жиырма төрт жастан үлкен емес Қазақстан Республикасының азаматтары;
— келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге оқуға түсетін жылы жиырма бес жастан үлкен емес болуы тиіс.
Үміткерлерді қабылдау: Қордай ауылы, Беріктас көшесі №17 мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
Телефон номерлері: 872636 69426, 8 72636 69442. Ұялы тел.: 87022962196 тел.: 87087059292.
Сонымен қатар, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті келісімшарт бойынша әскери қызметке үміткерлерді қабылдайды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінде келісімшарт бойынша әскери қызмет атқару қазіргі таңда беделді қызмет болып саналады, аталған қызметте әлеуметтік қамтамасыз етуі жоғарғы деңгейде.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке үміткерге қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарында қызмет атқарған.
-Үміткердің жасы 18-29 жас аралығында болуы;
-Білімі орта, орта арнайы немесе жоғары болуы;
-Бұрын сотталмаған болуы керек.
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінде әскери қызметшілерге келесідей әлеуметтік қамтамасыз етілулер қарастырылған:
Айына кемінде 160717 теңге мен 194315 теңге шамасында тұрақты жалақы төленеді.
-Ай сайын тұрғын үй төлемдері 25056 теңге мен 68436 теңге аралығында (отбасындағы әр адам басына) және «Әскери баспалы ипотекалық кредиттік бағдарламасы» арқылы төмендетілген түрде жеке баспана рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған.
-50 күндік жылсайынғы демалыс;
-демалыс 2 айлық есеп көрсеткіші мен қамтамасыз ету (демалыс кезінде айлық сақталады).
–Тегін медициналық қамтамасыз етулер мен емдеу іс шаралары қарастырылған.
-зейнетке шығу бойынша 47 жастан бастап, денсаулығына байланысты зейнетке шығуы 12,5 жылдан артық қызмет атқарғандар зейнетке шығу жасы қарастырылған.
-Жауынгерлік қызметке немесе мемлекеттік шекарада қызмет атқару тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
-Әскери киім үлгілерімен тегін қамтамасыз етіледі (далалық, күнделікті, салтанатты және қысқы киім).
-Қызмет өтілінің 1 жылы 1,5 жыл болып саналады.
-Техникалық және кәсіптік жоғары білімі бар және алты ай қызмет өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге құқылы.
Үміткерлерді қабылдау: Қордай ауылы, Беріктас көшесі №17 мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
Телефон номерлері: 872636 69426. 872636 69442. Ұялы тел.: 87022962196, тел.: 87087059292.

Leave A Reply

Your email address will not be published.