Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

0

Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңеске облыстық және аудандық жастар ресурстық орталықтарының директорлары, құқық қорғау органдарының өкілдері, басқарма басшылары мен жауапты сала мамандары қатысты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жиында мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, құқық бұзушылықтың алдын алу, жастар ресурстық орталықтарының материалдық-техникалық әлеуетін нығайту және Халықаралық волонтерлер жылы аясындағы жұмыстар жан-жақты талқыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.