ОЙЫН АЛАҢЫНДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

0

Ислам діні адамдарды қуатты да айбынды болуы үшін спортпен шұғылдануға шақырады. Себебі дене шынықтыру адам баласының тәнін ғана дамытып қоймай, рухани жақтан да тәрбиелейді. Өз нәпсісін жеңуге, өз денесін өзіне бағындыруға жәрдемдеседі. Осыған орай, жақында Қордай ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде дін қызметкерлері арасында футболдан облыстық турнир өтті.

Осы күні имамдар ақ шапандарын спорт киімдеріне ауыстырып, футбол алаңына шықты. Турнирді облыстың бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев ашты. Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай сөз сөйлеп, ойында сәттілік тіледі. Жарысқа 8 команда қатысты. Атап өтсек: облыстық бас мешіт командасы, Тараз қаласы, Меркі, Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Шу және Қордай ауданы мешіттерінің құрама командалары.

Тартысқа толы ойындардың қорытындысы бойынша Қордай командасының мерейі үстем болып, бірінші орынды иеленді. Ал, Меркі екінші, Жамбыл үшінші, Т.Рысқұлов командасы төртінші орыннан табылды. Жарыс үздіктерін Бейбіт Мырзагелдиев және дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің басшысы Ерсін Ақпаев марапаттап, аталған турнирдің ауыспалы кубогы Шу ауданына берілді. Яғни, келесі турнир Шу қаласында өтетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.