2025 жылдың 26 наурызындағы бекітілген сайлау туралы заңнаманы түсіндіру бойынша сайлаушылармен кездесу кестесіне сәйкес, ағымды жылдың 31 наурыз — 4 сәуір күні аралығында Степной ауылдық округі әкіміне кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізілді.
2-3 сәуірде өткен кездесуге Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов және Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі М.Сембеков қатысты.
Сонымен қатар, аудандық сайлау комиссия төрағасы А.Сырлыбаев, аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Э.Күмекбай, аудандық сайлау комиссия хатшысы Г.Ниязгулова Степной, Арал және Қалғұты ауыл тұрғындарымен кездесіп, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын түсіндіру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында кандидаттарға ауыл тұрғындары сауалдар жолдап, ұсыныстары мен талап тілектерін білдірді.
Шара соңында Степной ауылдық округінің тұрғындарды азаматтық белсенділік танытып, ағымды жылдың 13 сәуір күні сайлау учаскеге келіп, дауыс беруге шақырылды.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы