ОРТАЛЫҚ СТАДИОН КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ЖАҢҒЫРТЫЛМАҚ

0

Редакцияға оқырмандардан жиі хаттар түсіп тұрады. Аудан тұрғындары әлеуметттік, тұрмыстық мәселелерді көтеріп, әртүрлі саладағы жағдай жайлы сұрақ жолдап жатады. Оқырмандардың сұрақтары басылым тілшілерінің назарынан тыс қалған емес. Инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшамыз маңызды мәселелерді көтеру және ой-пікірмен алмасу ашық алаңына айналды. Кейінгі кезде оқырмандар орталық стадионның сыртқы келбетіне қатысты алаңдаушылық танытуда. Біз сол сұрақтарды спорт нысанының басшылығына жолдаған едік.
Іс жүзінде бұл шешімді талап ететін мәселе. Стадионның іргетасы 1963 жылы қаланған екен. Күрделі жөндеу жұмыстары 2014 жылы жүргізілген. Спорттық нысан басшылығының айтуынша, 2021 жылы күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған. Айта кетсек, бүгінгі күнге орталық стадион Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басқаруында. Қазіргі таңда 42 топта 711 адам спортпен шұғылданады. Жаттықтырушы- оқытушылар саны -19.

Leave A Reply

Your email address will not be published.